Қостанайда облыстық қашықтан Интернет-марафон басталды

None
ҚОСТАНАЙ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – Қостанайда «Ең мазмұнды сайт» деп аталатын облыстық қашықтан Интернет-марафонның басталғандығы туралы жарияланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Іс-шараны облыстық білім басқармасының басшылығы аймақтық жаңа технологиялар орталығында өткізіледі. Оған аудандық, қалалық білім бөлімдері, облыстық мекемелер, колледждер, лицейлер, мектептер, сондай-ақ Қостанай облысының оқушылары мен мұғалімдері қатысады. Конкурс Интернет-ресурстарды дамытуға, ақпараттық-техникалық сауаттылықты арттыруға арналған.Білім берудегі жаңа технологиялар аумақтық орталықтың өкілі Берік Шаяхметовтың ақпараты бойынша, конкурс жыл бойы төрт кезеңде өтеді.