«8 сәуір күні су өткізгіш құбырының болмауы салдарынан облыстық маңызы бар «Жітіқара қ. - РФ Мариновка» («Желқуар» өткізу бекетінен 300 м) тасжолының үстінен су жүріп кетті. «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесі басшылығының шешімімен тасжолдың сол тұсы жырылып, қарғын су ағызылды. Көлік қозғалысы «Аят» өткізу бекеті арқылы жүзеге асырылуда», - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Бүгінгі мәлімет бойынша, автокөліктер «Жалтыркөл» бекеті арқылы жүріп жатыр. Аталған бекет Жітіқара қаласынан 75 шақырым жерде орналасқан.
Ал облыстық ТЖД бастығы Талғат Кәкімовтің сөзінше, жыл басынан бері елді өңірдегі мекендерден 851 мың текше метр қар шығарылды. Сондай-ақ, су тасқынына байланысты 230 мың тонна инертті материал мен 132 тонна жанар-жағармай әзірленді.
«Жергілікті атқарушы органдармен бірігіп, жоластындағы су өткізгіш құбырлары тексерілуде. Су тасу қаупі бар аумақтарды әуеден бақылау жұмыстары қолға алынды. Қазіргі уақытта Қостанай және Әулиекөл аудандарында қар қоры сақталған. Су тасқыны қаупінің алдын алу үшін Қарасу, Таран, Жангелдин аудандарында мұз жару жұмыстары жүргізілді», - деді Т.Кәкімов.
Департамент басшысы айтқандай, мұз жару жұмыстары осы аптаның соңында аяқталады. ТЖ мамандары 12 сәуірде өңірдің оңтүстік аймақтарын ұшақпен араламақ.
Иллюстрациялық фото