Қостанайда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының аралық қорытындысы шығарылды
21:31, 13 Мамыр 2009
ҚОСТАНАЙ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Бүгін Қостанай облыстық әкімдігінде билік пен қоғам өкілдерінің қатысуымен өткен отырыста облыстың осы жылғы өткен 4 айының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жиналғандар алдында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Виктор Мейстер хабарлама жасады. Оның бағалауына қарағанда, өндіріс көлемінің өсу серпіні 10 айда өткен жылдың деңгейіне жетуі тиіс. В.Мейстердің айтуынша, ауыл шаруашылығы саласының дамуы «тұрақты» саналады. «Есептік кезеңде облыс экономикасына 20,7 млрд. теңге инвестиция салынған, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бір пайызға кем. Ал, облыс экономикасын дамыту үшін республикалық бюджеттен 1,7 млрд. теңге (өткен жылғыдан 3,4 есе көп), жергілікті бюджеттен 682,9 млн. теңге (өткен жылғыдан 36,7 пайызға көп), кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өз қаржысы есебінен 15,3 млрд. теңге (10,8 пайызға аз), 2,5 млрд. теңге заем қаражаттары бөлінді, бұл 2008 жылғы қаңтар-ақпандағы көрсеткіштен 2 есеге дейін көп».Сондай-ақ отырыста мемлекеттік бюджеттің 101,4 пайызға орындалғандығы атап өтілді.