«Оқушы қыздың өлтірілгені рас. Білім бөлімінің қызметкерлерін ешқайда кіргізбейді, тергеу шаралары жүріп жатыр. Ертең бәрі белгілі болады. Қыздың әкесінің жағдайы нашар, ол жансақтау бөлімінде жатыр»,-деді Б.Даумова.
Қостанай облыстық Ішкі істер департаментінің өкілдері аталған фактіні растады және осы оқиғаға байланысты қосымша деректерді дүйсенбі, 19 наурыз күні айтуға уәде етті.