Облыстық аурухананың бас дәрігері Юрий Моисеевтің сөзінше, қыздың әкесі 17 наурыз күні ауыр дене жарақаттарымен түсті.
«Оған ота жасалды. Қазір жағдайы бірқалыпты. Ол жансақтау бөлімінен палатаға көшірілді. Полицейлер бақылауға алды», - деді Ю. Моисеев.
Еске салсақ, 17 наурызда Қостанайда №11 орта мектептің 9 сынып оқушысын өлтіріп кетті. Бұл фактіні «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне облыстық білім басқармасының жетекшісі Бәтима Даумова растады.