Қостанайда «Онлайн-тәлімгер» жобасы іске қосылды

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайлық жас мемлекеттік қызметшілер басшылармен онлайн жүйеде байланыс орната алады. Мұндай жаңашылдық туралы мемлекеттік қызмет департаментінің басшысы Ерлан Салықбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Онлайн-тәлімгер» жобасы облыстық мемлекеттік органдарындапилоттық режимде іске қосылып отыр. Жобаның артықшылығы, кез келген жасмемлекеттік қызметші облыстық, аудандық деңгейдегі бірінші басшыларға онлайнжүйеде байланысқа шыға алады.

«Тәлімгерлік жобасына өткен жылдан бері 422 жас мемлекеттікқызметші өтінім білдірген. Олардың қатарына биыл тағы 181 қызметкер қосылыпотыр. Жұмысқа жаңа қабылданған жас мамандардың тәжірибелі басшылардан кезкелген уақытта, қайда жүрсе де ақыл-кеңестер алуға мүмкіндігі бар», - деп атапөтті Е.Салықбаев.

Мамандардың сөзінше, аталмыш жоба шалғай ауылдар мен облысорталығының арасындағы өзара байланысты нығайтуға, жас мемлекеттікқызметкерлердің кәсіби дағдыларын арттыруға, сондай-ақ белгілі бір салағақатысты мәселелерді бірлесе шешуге мүмкіндік береді.

«Департамент өкілдер арнайы топ жасақтады. Оның құрамынамемлекеттік қызметтің ардагерлері де енді. Пилоттық жоба әуелі Әулиекөл,Денисов, Қарабалық, Федоров және Қостанай аудандарында жүзеге асырылады», - дептүсінік берді Ерлан Салықбаев.