«Өрт Баймағамбетов көшесіндегі № 169 үйден шыққан. Алдымен, кіреберістегі шкаф пен тұрмыстық заттар жанған. Өртеніп жатқан үйден 12 адам эвакуацияланды. Оның 3-і - балалар. Құтқарушылар үй иелерін өрттен аман алып қалды», - деді облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.
Белгілі болғандай, үй иелерін күйік шалған. Алайда, олар ауруханаға жатудан бас тартқан.