Кісі өлімімен аяқталған қайғылы оқиға Денисов ауданында болды.
«Глебов ауылында жеке тұрғын үй секторы жанды. Өрт 1 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнында 1967 жылы туған үй иесінің денесі табылды. Өрт туған-туыстарының көмегімен сөндірілді. Кісі өлімінің себептері анықталуда», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Осы оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Рудный қаласының Октябрьдің 50 жылдығы көшесінде пәтер өртенді. Тұрғын үйден 25 адам эвакуацияланды, оның төртеуі - бала.