«Орманды алқаптың 20%-дан астамы өртенді. Алқап негізінен қылқан жапырақты болғандықтан ауасы таза мекен саналатын. Жануарлар да көптеп қырылды. Орман жабайы аңсыз қалды деуге болады. Өрт сәті бейнеленген суреттерден жұптұяқты жануарлардың өлігін көруге болады» - дейді ғалым
Оның пайымынша, өртке оранған алқаптың қайтадан жасыл желекке бөленуі үшін кемінде жарты ғасыр кетеді.
«Бұған кем дегенде 50-60 жыл қажет. Өкінішке орай, қазір орман шаруашылықтарының бәрі бұрынғыдай Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетіне бағынбайды. Бұрын Ауыл шаруашылығы министрлігі елдегі бүкіл орман алқаптарына жауап беретін. 2002 жылдан бастап орман шаруашылығының бір бөлігі жергілікті әкімдіктердің иелігіне өтті. Тек ерекше қорғалатын аумақтар ғана Орман шаруашылығы комитетіне қарайды. Өртенген орман алқабы орман шаруашылығының күшімен қалпына келтіріледі. Өрт неге бірден сөндірілмеді? Менің ойымша, орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық жабдықталуы нашар, байланыс та әлсіз. Адам саны жетпегендеп есептеймін», - деді Дания Сәрсекова.