Қостанайда өз жұмыстарына салғырт қарағандар сотталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Федоров аудандық сотының үкімімен «Пешковский КХП» ЖШС өкілдері  адам өліміне кінәлі деп танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЖШС өкілдері ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі бойынша айыпталды. 

Іс материалдарында көрсетілгендей, серіктестіктің қауіпсіздік техникасы және ережесін сақтауға жауапты М. және Г. есімді азаматтар өз жұмыстарына салғырт қараған. Олар учаскелік алаңда жұмыс істейтін азаматша К.-ны элеватордың үстіңгі азық сүрлейтін қабатын тазалауға жіберген. Өзіне басқа міндет жүктеген ол шамамен 32 метр биіктіктен құлап, көз жұмды.

Осылайша, ЖШС-ның бұрынғы қызметкерлері М. және Г. сот шешімімен 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.