Полицейлер Рудный қаласындағы «Керуен» тойханасына барып, үйлену тойын тоқтатты.
Мейрамхана әкімшілігі аймақта енгізілген карантин шараларына қарамастан қонақтарды қабылдаған. Тойға 30-дан астам адам жиналған.
Енді тойхана иесі мен мереке иелеріне ҚР ӘҚБтК 425-бабында көзделген айыппұл салынады.
Полиция жинаған материалдарды ары қарай шешім қабылдау үшін Рудный қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырды.
Рудный қаласының полиция басқармасы карантинді бұзғаны үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 230 АЕК дейін, орта кәсіпкерлікке — 310, ірі кәсіпкерлікке — 1600 АЕК дейін айыппұл салынатынын еске салады.