Әйелдің денесі Қостанай ауданындағы өз үйінің ауласынан табылған.
Жәбірленуші мен күдікті заңды некеде болған. Екеуі де — полиция қызметкері. Заңды түрде ажырасу процесі жүріп жатқан.
— Полиция бұл іске күдікті деп танылған азаматты анықтап, ұстады. Ведомство оның ешқайда қашып кетпегенін, ұсталған соң бірден уақытша ұстау изоляторына қамалғанын айтты. Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу жүріп жатыр, — деп хабарлады Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.
Қылмыстық істі тергеуді ІІМ өз бақылауына алды.
Өңірге министрліктің жеке қауіпсіздік және криминалдық полиция қызметкерлерінен тұратын топ жіберілді.