Қостанайда полиция екі шетелдік дропперді ұстау операциясын жүргізді

Фото: Фото: Видеодан алынған кадр

АСТАНА. KAZINFORM - Шілде айынан бастап Қазақстанға келген 30 жастағы көршілес елдің азаматы Ақтөбе, Атырау және Ақтау қалаларында алаяқтар жымқырған ірі көлемдегі ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Кейін ол ақшаны Тelegram арқылы "кураторлар" жіберген банк карталарына аударған.

«Оның 21 жастағы көмекшісі өзінің қылмыстық әрекетін сыбайласынан тәжірибе жинау арқылы бастаған.

Екеуі де қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде ұсталды. Жеке тінту барысында олардың жалдамалы пәтерінде полиция қызметкерлері үшінші тұлғалардың телефондары мен банк карталарын тәркіледі», — деп жазды ІІМ баспасөз қызметінен.

Ұсталғандардың бірнеше алаяқтық фактілеріне қатысы бар екені анықталды.

Полицейлер тергеуді жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда көліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топ ұсталғанын жазғанбыз.