«Оның 21 жастағы көмекшісі өзінің қылмыстық әрекетін сыбайласынан тәжірибе жинау арқылы бастаған.
Екеуі де қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде ұсталды. Жеке тінту барысында олардың жалдамалы пәтерінде полиция қызметкерлері үшінші тұлғалардың телефондары мен банк карталарын тәркіледі», — деп жазды ІІМ баспасөз қызметінен.
Ұсталғандардың бірнеше алаяқтық фактілеріне қатысы бар екені анықталды.
Полицейлер тергеуді жалғастырып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда көліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топ ұсталғанын жазғанбыз.