Қостанай облыстық прокуратурасы таратқан мәліметтерге қарағанда, талдау барысында жүйелік заңбұзушылықтар анықталды: эпидемиялық маңызы жоғары 11 кәсіпорын, олардың ішінде асфальтбетон зауыты, ірі элеватор, сондай-ақ бірқатар жер қойнауын пайдаланушылар көптеген жылдар бойы белгіленген санитарлық-қорғау аймақтарынсыз (СҚА) және санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыларсыз қызметін жүзеге асырған.
Сонымен қатар, СҚА-бұл өнеркәсіптік және басқа объектілерді тұрғын үй аумақтарынан бөлетін және зиянды факторлардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға әсерін қауіпсіз деңгейге дейін төмендетуге қызмет ететін қорғаныс тосқауылы.
Санитарлық-қорғау аймақтарының болмауы тұрғындардың денсаулығы мен экологиясына тікелей қауіп төндіреді.
Прокурордың қаулылары бойынша барлық кәсіпорындар әкімшілік жауапқа тартылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы қысқартылған тәртіппен 6,3 млн. теңгені құрады.
Прокуратураның араласуынан кейін өнеркәсіптік объектілер санитариялық-қорғау аймақтарын белгілеу жобаларын ресімдеу және қажетті қорытындылар алу бойынша жұмысты бастады және жүргізіп жатыр, ал уәкілетті орган (СЭС) заңбұзушылықтар жойылғанға дейін жедел ден қою шараларын шығарды.
Тиісті және уақтылы мониторинг жүргізбегені үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Өңір азаматтарының денсаулығы мен экологиясын қорғау бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізеді.
-Халықтың табиғаты мен денсаулығына теріс әсер ететін қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес міндетті түрде санитарлық-қорғау аймақтарын белгілеуі қажет,-делінген хабарламада.
Осыған дейін Қостанайда прокуратура білім қызметкерлерінің 5 млн теңге қосымша төлем алуына ықпал еткені туралы жаздық.