Қостанайда прокуратураның араласуымен бюджетке 616 млн теңге қайтарылды

Коллаж: Kazinform / Freepik

АСТАНА. KAZINFORM – Салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында облыс прокуратурасы салық салу саласындағы заңдылықтың жай-күйіне тұрақты түрде талдау жүргізіп келеді.

- 2025 жылы қабылданған прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде бюджетке 616 млн теңге түсті.

Мысалы, салық төлеушілердің бірі декларацияларда анық емес мәліметтерді көрсеткен. Бұл бюджетке 267,9 млн теңге көлемінде салықтың түспеуіне әкелген.

Анықталған бұзушылық бойынша прокуратура уәкілетті органға қадағалау актісін енгізді. Қарау нәтижесінде жоғарыда көрсетілген сома толық көлемде өндірілді, - делінген ақпаратта.

Салық салу саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылады.

Айта кетейік, бұған дейін салық берешегін өндіру тәртібі жеңілдегені хабарланған болатын.