Қостанайда прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде 15 мыңға жуық баланың конституциялық құқығы қорғалды
16:38, 24 Қаңтар 2011
ҚОСТАНАЙ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Өткен жылы прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде Қостанай облысында тұрып жатқан 15 мыңға жуық баланың конституциялық құқығы қорғалды.
Облыс прокурорының кәмелетке толмағандар туралы заңды қолдануға қадағалау жасау жөніндегі аға көмекшісі Азамат Шонов нақтылағандай, мұнда әңгіме балалардың денсаулық пен еңбек, білім алуға құқығының қорғалуы жайында болып отыр.
«Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мен олардың заңды мүдделерін сақтауға бағытталған заңнаманың сақталуына жүргізілген тексерістер нәтижесінде облыстық прокуратура органдарымен 4 қылмыстық іс қозғалып, оның үшеуі сотта қаралды», - деп атап өтті А.Шонов.