Қостанайда ірі қарадан құтырма анықталып, карантин жарияланды

Қостанай облысының Ұзынкөл ауданына қарасты Киров ауылында ірі қарадан құтырма анықталып, шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: freepik.com

«Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Киров ауылы мекенжайы бойынша орналасқан «Олжа Ряжское» өнеркәсіп кешені Алабұға жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара малдан құтырма ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін», – делінген Киров ауылдық округінің әкімі М. Дәулетовтің шешімінде.

Қоса кетсек, бұған дейін Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы ауданы аумағында орналасқан шаруа қожалығында ірі қарадан құтырма ауруы анықталып, ол карантинге жабылған еді.