АСТАНА. KAZINFORM - 30 жастағы Қостанай тұрғыны әлеуметтік желіде терроризмге үгіттейтін ақпарат таратқан. Сондай-ақ, ол өзге дін өкілдеріне қарсы зорлық–зомбылықты насихаттайтын материалдарды жүктеген.
Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
«Ол бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, терроризмді насихаттағаны үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал діни алауыздық тудырғаны үшін 7 жылға дейін жаза арқалайды», - деді Қостанай облысы ПД басқарма бастығының міндетін атқарушы Сәбит Ибраемов.
Жанель Нұрболатқызы
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.