Қостанай облыстық полиция депратаменті Ресей Федерациясынан әкелінген автомобиль жүргізушілері үшін «Колл-орталық» жұмысын бастады.
«Енді Қостанай облысының кез келген тұрғыны 8 (7142) 55-81-28 телефоны бойынша Ресей Федерациясынан әкелінген көлік құралын пайдалануға және тіркеуге қатысты сұрақ қоя алады. Сондай-ақ, ІІМ есептік деректері бойынша өз автомобилінің РФ-та тіркелгенін тексере алады», - деп хабарлады ведомстводан.
Колл-орталық телефоны 9:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.