Қостанайда салмағы 7 келі сәби дүниеге келді

Фото: Фото: Қостанай перинаталдық орталығы

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM - Қостанай перинаталдық орталығында нағыз алып тұлғалы батыр – салмағы 7 келіге жуық, бойы 60 сантиметрден асатын ұл бала дүниеге келді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Медициналық мекеменің баспасөз қызметінің мәліметінше, мамандар жіті бақылаумен босандырып алған. Баланың есімін Рауан деп қойған. Бұл сәбилі болған қостанайлықтардың отбасындағы үшінші бала. Үйде үш жасар егіз әпкелер жаңа туған нәрестені күтіп отыр.

— Нәрестенің анасы аты-жөні құпия болып қалғанын қалады. Босанған өзін жақсы сезінеді, перинаталдық орталық қызметкерлеріне кәсібилігі мен қамқорлығы үшін шынайы алғысын білдірді, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте салмағы 7 келі алып сәби дүниеге келгенін жазған болатынбыз.