Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Әміржан Қосановтың облыстық сайлауалды штабында сайлау күні учаскелерде дауыс беру процесін қадағалайтын бақылаушылар үшін семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараның модераторы және тренері - Дос Көшім. Ол бақылаушылардың құқықтары мен міндеттері, сайлау кезінде орын алуы ықтимал түрлі жағдайлардағы әрекеттері жайлы түсіндірді. Белгілі саясаттанушы еліміз бойынша өзінің семинарларын өткізуді жалғастырып жатыр.
Қатысушылар қызығушылық танытқан тақырыптарын көтеріп, барлық өзекті сұрақтарына жауап алды.