«ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Қостанай өндірістік филиалының хабарламаларында айтылғандай, газ құбырларында жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға байланысты 19 мен 22 маусым аралығында Қостанай қаласының тұтынушы тұрғындары газбен жабдықтаудан ажыратылады. Дәлірек айтқанда, Наурыз шағынауданы, Маяковский көшесі, Абай-Быковский-Маяковский-Хакімжанова көшелерінің аумағында орналасқан Ж.Интернационалистер 1/1, 2/1 үйлері.
Тұтынушыларға газ жоспарланған жұмыстардың аяқталуына қарай, кезең-кезеңмен берілетін болады.