Қостанайда шаруашылықтан италиялық прус пен шегіртке үйірі анықталды

ҚОСТАНАЙ. Қостанай өңірінің «Заречное» тәжірибелік-өндірістік шаруашылығының аумағында италиялық прус пен табындық емес шегірткелердің үйірі анықталды. Ол жерге Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының жетекшісі Дархан Әбдікәрімов бастаған мамандар тобы барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Егістіктерді зерттеу нәтижесі Қостанай ауданының аздаған аумағында зиянкес таралғанын көрсетті. Сондай-ақ жәндіктердің таралу қаупінің төмендігіне қарамастан, бұл ауданда және Қостанай қаласында аумақтарға химиялық өңдеу жүргізу туралы шешім қабылданды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше бүгінде Қостанай облысында табын шегіртке зиянкестерінің болуына байланысты 1,7 млн га жер зерттелген. Италиялық прусқа қарсы қорғаныс шаралары 290,9 мың га жерде, азиялық шегірткеге қарсы 6,5 мың га жерде жүргізілді. Облысқа барлық қажетті препарат алдын ала жеткізілді.


Жалпы, табын шегірткелерінің дамуы мен таралуы циклдік сипатқа ие. Ауа райы мен климаттық жағдайларға байланысты әр жылдары зиянкестер санының көбейіп, азайып отырады.

Мәселен, шегірткелердің ең ауқымды таралуы 2000 жылы тіркелген болатын: 7,1 млн га аумаққа тарады. 2015 жылдан 2019 жылға дейін химиялық өңдеу алаңының 3,2 млн гектардан 567,6 мың гектарға дейін төмендеуі байқалды.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін табын зиянкестері көп тарала бастаған.