Қостанайда «Сіздің дауысыңыз маңызды!» жастар акциясы басталды

ҚОСТАНАЙ. 1 сәуір. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанайда «Сіздің дауысыңыз маңызды!» акциясы басталды. Қара орталығында, «Балалар әлемі» автобус аялдамасында «Жасыл ел» штабының жауынгерлері мен «ГрИН» Азаматтық альянсы ұйымының волонтерлері азаматтарды сайлауға қатысуға шақыруда.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның негізгі мақсаты - 2011 жылдың 3 сәуірінде өткізілетін президенттік сайлауға адамдардың көптеп жиналуын қамтамасыз ету. Волонтерлер қоғамдық көліктер мен халық көптеп жиналатын орындарға кіріп, сайлау мерзімі жазылған ақпараттық үнпарақтар таратып, қостанайлықтарды саяси мәдениет пен электоралдық белсенділікті дамыту үшін сайлауға келуге шақыруда.