Қостанайда сотталушы түрме қызметкеріне пара бермек болған

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облыстық полиция департаменті жеке қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері жазасын өтеу мекемесіндегі заңсыз сыйақы беру фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдыңмамыр айында облыстың полиция департаменті жеке қауіпсіздік басқармасыныңқызметкерлері жедел алдын алу іс-шаралары барысында жазасын өтеуші «А»-ныңтүрме қызметкері «С»-ның абоненттікнөміріне 5 мың теңге көлемінде ақша қаражатын аударғанын анықтады.

«Бұл қаражатсотталушының бұрын мәлімделген өтініші бойынша сотқа жаза шарасын ауыстырутуралы істі жіберуге жәрдем көрсеткені үшін кепіл болған. Осылайша, сотталушы«С» лауазымдық міндеттерін орындау кезінде лауазымды адамға заңсыз материалдықсыйақы берді.Осы факті туралы қызметкер мекеме басшылығына және облыстық ҚАЖД ӨҚБ өкілінебаяндады»,- делінген полицияның ресми мәлімдемесінде.

Жүргізілгентексеру нәтижесібойынша сотталушы кінәсін толық мойындады. Қостанай қаласының мамандандырылғанәкімшілік сотының қаулысымен «С» әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 350 мыңтеңге көлемінде айыппұл салынды.

Соңғы жаңалықтар