Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға 6 ақпан күні Қостанайдағы халықаралық автожолдардың бірінде болған.
«Volvo көлігінің 60 жастағы жүргізушісі Крыловка - Қараоба жолдарының қиылысында рөлге ие бола алмай қалды. Салдарынан тіркеме цистернадан ағытылып, жолдан шығып кетті. Цистерна құйылмалы спиртке толтырылғаны анықталды», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Беженар агенттік тілшісіне.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.