Қостанайда спорт мектебінің бас бухгалтері ірі көлемде ақша жымқырды деп айыпталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда ірі көлемде ақша жымқырды деген айыппен футболдан балалар спорт мектебінің бас бухгалтері Олеся Дациева сот алдында жауап берді. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, ол жалпы алғанда 3 млн. 448 мың 338 теңгені қолды еткен. Бұл сома Қостанай облыстық мәслихаттың ревизиялық комиссияның тексерісі кезінде анықталды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Алайда, сотта айыпталушы Дациева қылмыс жасамағанынн айтты. Оның сөзіне қарағанда, бұл қаражат ұрланбады, ол мектеп оқушылары мен бапкерлердің түрлі жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету үшін және іссапар шығынын өтеу үшін карталарға аудару және қолма қол беру арқылы жұмсалған.

Дациева бухгалтериядан қаржы құжаттары салынған папканың жоғалуы салдарынан осындай айыптар тағылып отырғанын жеткізді. Дегенмен оның сөзіне қарағанда, қаражаттың қайда аударылғанын банк арқылы бақылауға болады, сондай-ақ оны бухгалтериядан ақша алған куәгерлер - жаттықтырушылар мен оқушылар растай алады. Сот отырысы жалғасып жатыр.