Қостанайда стансадан шыққан алапат өрттен екі адам күйіп қалды

Фото: ТЖМ

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM — Қостанайлық өрт сөндірушілер 2 қабатты ғимараттағы ашық отпен арпалысып жатыр. 

Қостанай қаласы Қайырбеков көшесі, 455 мекенжайында 290 шаршы метр алаңда техникалық қызмет көрсету станциясы өртеніп жатыр.

Фото: ТЖМ

Өрт сөндірушілер көлемі 27 литр 5 газ баллонын шығарды.

Оқиға орнында ТЖД жеке құрамынан 40-қа жуық адам және 12 техника жұмыс істеп жатыр.

Тілсіз жау сағат 21:11-де оқшауланды.

Фото: ТЖМ

Жедел жәрдем зардап шеккен екі адамды ауруханаға алып кетті.

Өрт сағат 22:54 кезінде өшірілді. Аумағы — 291 шаршы метр. Себебі анықталып жатыр.

Құтқарушылар жанып жатқан ғимараттан көлемі 27 литр болатын 6 газ баллонын алып шықты.