«Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қалалық орталық жағажайда 1981 жылы туған әйелді құтқарды. Әйел арнайы жабдықталған жерден өтіп кетіп, суға шомыла бастады. Құтқарушылар жақындағанда әйел суда әрең тұрды. Зардап шегушіні моторлы қайықтың бортына көтеріп, жағаға жеткізді.Одан әрі жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды»,- делінген ТЖД ақпаратында.
Мамандар әйелмен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жалпы суға түсу кезіндегі бейқамдық, абайсыздық қайғылы жағдайларға ұшыратуы мүмкін. Қостанай облысының ТЖ департаменті азаматтарға тек жабдықталған жағажайларда шомылуға кеңес береді.