«Құтқарушылар Олжас Әділбек пен Мадияр Ахатаев рейд барысында Тобыл өзенінен ағысқа қарсы жүзіп келе жатқан екі жасөспірімді байқап қалған. Олар көмек сұраған дауысты естіп, суға құтқару құралдарымен бірге түседі. Құтқарушылардың жылдам әрекет етуінің арқасында зардап шегушілер аман қалды», - деп мәлім етті облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Демалып жүрген жасөспірімдер бөгеттен суға түскен. Бірақ, өзеннің тереңдігі мен ағыстың қаттылығын есептемеген. Олар өздіктерінен жағаға шыға алмай, суға ағып бара жатқан.