Қостанайда сүңгуірлер жоғалған баланы іздеп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сүңгуірлер Қостанайдағы сыра зауыты аумағында Тобыл өзенінен 8 жасар Игорь Коцкийді іздестіріп жатыр.

Ол 4 шілдеде «Восток» дүкені маңында жоғалып кеткен. Игорьды  соңғы рет «магазин101-ден» көрген. Баланы іздеуге  еріктілер де қосылды. Олар іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Гагарин бөгеті маңына бет алды, деп хабарлайды. alau.kz.