Оқиға Лисаков қаласының Октябрьский ауылында болған.
"Тобыл өзенінен 1992 жылы туған қыздың мәйіті шығарылды. Ол суға түсуге рұқсат етілмеген жерде шомылған", - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.
Сараптамалар нәтижесінде қыздың мас күйінде болғаны анықталды.
Аталған ведомство мамандары тұрғындарды суға түсуге рұқсат етілмеген жерлерде сақ болуға шақырады.