Лисаков қаласы ІІБ қызметкерлері Таран ауданының 22 жасар тұрғынын ұстады. 22 қазан күні шамамен таңғы сағат 04:00 шамасында күдікті аулада тұрған "Volksvagen Passat" автокөлігін мініп кеткен. Автокөлік иесі көлігінің жоқтығын көріп, полицияға хабар берген. Жедел із кескен тәртіп сақшылары күдіктіні Кеншілер - Тобольская көшесіндегі айналма жолда тоқтатады. Әйел өз кінәсін толықтай мойындады.
Ол ҚР ҚК 200-бабы, 1-тармағы («Автокөлікті заңсыз иелену») бойынша айыпталуда.