Жақында Рудныйдан Ресейге қарай бет алған автобус шекараға таяу тұста тоқтатылды. Челябі қаласына бара жатқан көліктің ішінде 22 адам болған. Тексеріс барысында анықталғандай, қоғамдық көлік жыл сайынғы міндетті техникалық бақылаудан өтпеген. Сол үшін жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Заң бойынша оған 5 төменгі АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал жолаушылар басқа автобусқа отырғызылды.
«Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция, прокуратура, көліктік бақылау инспекциясы, мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінен құралған арнайы топ автобустар паркін жан-жақты тексере бастады. Сондай-ақ, қоғамдық көліктердің техникалық жағдайына да аса мән беріледі. Сәл кінәрат табылса, жөндеуге жіберіледі. Заң бойынша солай. Осы он шақты күннің ішінде облыстағы 900-ден астам автобустың төрттен бірі толық тексерістен өткен», - дейді Мәжікенов.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстан бойынша «Автобус» жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр. https://kaz.inform.kz/news/kostanaylyk-policeyler-avtobustardy-tekserip-zhatyr_a3130826 Бұл шара басталғаннан бері облыс бойынша 150-ге тарта құқықбұзушылық анықталған. Арасында заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысқандар да бар.