Үш жолаушы Рудный қаласының ауруханасына жатқызылды. Автокөлік Жітіқарадан Қостанайға бара жатқан.
Жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, бірқатар жол белгісін елемей, жол қозғалысы үшін жабық технологиялық учаскеге барғаны анықталды.
ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі бойынша «Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.