Қостанайда трактор кабинасын шығаратын кәсіпорын құрылады

Қостанай облысында «Chevrolet Onix» автомобильдерін шағын бөлшектерден құрастыратын өндіріс ашылады, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Қостанай облысының әкімдігі

«СарыарқаАвтоПром» кәсіпорны «Chevrolet Onix» автомобильдерін шағын бөлшектерден құрастыратын өндірісті іске қоспақшы. Оның қуаты жылына 30 мың дана көлік құрастыруға қабілетті. Құны 23 млрд теңге болатын жоба 400 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. 

Әкімнің мәліметі бойынша, бұл жоба өңірдегі өндіріс көлемін 20%-ға арттырады.

Сондай-ақ биыл облыстың Индустриялық аймағында екі жоба қолға алынады. Оның бірі (құны 8,3 млрд теңге, 100 жұмыс орны) трактор кабинасын шығаратын өндіріс ошағын іске қосады. Бұл кәсіпорын жыл сайын бюджетке 180 млн теңге салық төлейді деп көзделген. 

Ал екінші жоба – көлік шанағы мен коммуналдық техниканың қосымша жабдықтарын шығаратын өндіріс ошағы. Бұл өндіріс 180 жұмыс орнын ашады.