Қала әкімдігі Кунай тұрғын үй алабының жылымық салдарынан газсыз қалғанын хабарлады.
- Жылымыққа байланысты Кунай тұрғын алабындағы орта қысымдағы газ құбырларынан конденсат аға бастады. Нәтижесінде газ басқару нүктелерінде ақау пайда болды. Газ беру уақытша тоқтатылды. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады әкімдік.
Сондай-ақ департамент төтенше жағдайдың жоқтығын түсіндірді. Жұмыс жоспарға сай жүргізілуде.