Қостанайда тұрғын үй өртеніп, екі зейнеткер көз жұмды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында жеке тұрғын үй секторы өртеніп, ерлі-зайыпты зейнеткерлер көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға кеше түнгі 00:30 шамасында басталған Қостанай ауданының Владимировка ауылында болған. Өрт таңғы сағат 04:51-де сөндірілді.

«Өртеніп кеткен үй орнынан 1952 және 1954 жылы туған ерлі-зайыпты зейнеткерлердің денесі табылды. Мүрделер сот-медициналық сараптамаға жіберілді», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Құтқарушылардың мәліметінше, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан. Нақты себептері анықталып жатыр.

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды электр сымдары мен пештерді уақытылы тексеруді ескертеді.