Қостанайда тұрғын үй толығымен өртеніп кетті

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласындағы Введен көшесіндегі үйлердің бірі толықтай жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Облыс орталығындағы үйдің өртегені туралы Наталья Богдан есімді қала тұрғыны хабарлады. Оқыс оқиға 13 қаңтар күні болған. Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінің маманы Меруерт Балғинаның айтуынша, жеке тұрғын үй толықтай жанып кеткен.

«Введен көшесіндегі үйдің өртеніп жатқаны туралы ақпарат 06:21-де келіп түсті. Өрт орнына жеке құрамның 11 қызметкері мен екі арнайы техника жұмылдырылды. Қызыл жалын 60 шаршы метр аумақты ораған. Екі газ баллоны оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ», - деді Балғина.

 

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.