Бұған дейін хабарлағанымыздай , бүгін «Оңтүстік» полиция бөлімшесіне Лермонтов көшесіндегі тұрғын үйге жарылғыш заттың қойылғаны хабарланды.
Оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеді. Тергеу-тексеру жұмысынан соң тұрғын үйден жарылғыш зат табылған жоқ.
Полиция «бомба» туралы хабар берген тұрғынға іздеу салды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалмақ.