ҚЖЭК баспасөз хатшысы Салтанат Қасенова айтқандай, бұған дейін қаладағы 133 әлеуметтік нысанның (мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер және т.б.) 62-не жылу берілді.
«Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов барлық ПИТК мен коммуналшыларға жылыту маусымына дайындалуды тапсырған болатын. Әсіресе, көпқабатты үйлерді қалалық жылыту жүйесіне дұрыс қосылуын жіті қадағалау керектігі айтылған. Қазір техникалық паспорты дайын 779 тұрғын үйге жылу беріледі. Қалған үйлер жоспарлы түрде қосылады», - деді С.Қасенова.
Рудныйда қаласында да жылыту маусымы басталды. Жоспарланғандай, апта басында медициналық мекемелер, білім беру ұйымдары мен мәдениет ошақтарына жылу беріле бастады. Қалалық жылу-электр орталығының директоры Олег Әбілқайыровтың айтуынша, жұма күні қала мен Қашар кентінің тұрғын үйлері де жылыту жүйесіне қосылмақ.