Қостанайда тұтқынға электр шәйнегінің тұтқасына жасырып гашиш өткізбек болған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанайда УК-161/2 мекемесінің қызметкерлері электр шәйнегінің тұтқасынан гашиш тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облыстық ҚАЖ департаментіне сілтеме жасап.

«Тыйым салынған заттардың 90% режімдік нысанға өткізілмейтініне қарамастан, оларды түрлі айла-әдіспен жеткізу әрекеттері әлі  азаймай келеді. Соңғы мысал да сөзімізге дәлел, - деп атап өтті Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаменті бөлімінің басшысы Әлімжан Ыдырысов. - Сәлемдемені тексеру барысында УК-161/2 мекемесінің қызметкерлері әйел зорлағаны үшін 12 жылдық жазасын өтеп жатқан тұтқынға жіберілген электр шәйнегінің тұтқасына назар аударған». Ыдырысовтың айтуынша, электр шәйнегінің тұтқасында қою жасыл түсті қатты зат жабыстырылған. «Сот-экспертизалық сараптама алынған заттың жеті грамдық гашиш екенін анықтады. Факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», - деп толықтырды ол.