22 тамыз күні сағат 13:30-да 9 шағынауданда 5 қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтердің терезесінен 2019 жылы туған қыз бала құлап түсті.
Оқыс оқиға бала ересектердің қарауынсыз жалғыз қалған кезде болған.
Зардап шеккен бүлдіршін қалалық балалар ауруханасына жатқызылды.
Дәрігерлер оған мидың шайқалуы, қабақтың ашық жарасы, іштің сыртқы жарақаты деген диагноз қойды. Жағдайы бірқалыпты.
Айта кету керек, биыл Қостанайда жеті бала, ал облыс бойынша 13 сәби осылай терезеден құлап кетті.