Куәгерлердің сөзінше, оқиға 20 мамыр күні сағат 21:00 шамасында қаладағы Текстильщиктер көшесінде болған. Үй аулаларының бірінде белгісіз біреулер ер адамды пышақтап тастаған. Алған дене жарақаты салдарынан ол жан тәсілім етті. Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр.
Облыстық ІІД баспасөз қызметі оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.