Қостанайда үйлерге жылу беріле бастады

None
ҚОСТАНАЙ. 2 қазан. ҚазАқпарат - Қостанайдың жылу энергиясын тұтынушылары кешеден бастап жылыту жүйесіне қосыла бастады.

Бірінші кезекте жылу тұрғын үйлерге берілуде, ал кейбір балалар мекемелеріне жылу 3 күн бұрын келе бастады. Жылу тұрғын үйлерден басқа әлеуметтік-мәдени және медициналық нысандарға да беріле бастады.

Жергілікті жылу компаниясының өкілдері хабарлағандай, жылу маусымы облыс орталығы билігінің шешімімен басталды.