«Ол жұмыстан тыс уақытта жеке автокөлігін мас күйде басқару кезінде ұсталды. Қазір жеке қауіпсіздік қызметкерлері осы факті бойынша қызметтік тексеріс бастады», - деп мәлімдеді Ирина Беженарь.
Оның айтуынша, егер қызметкер айыпты деп танылса, міндетті түрде жазаға тартылады.
Жергілікті БАҚ-та ҰҚКБ қызметкері 16 наурыздан 17-сіне қараған түні ұсталғаны туралы хабар тараған. Оқиға орнында полиция жазған хаттамаға қарағанда, ол «010» нөмірлі TOYOTA автомобилін басқарған.