Қостанайда үздік жергілікті сайттар анықталды

ҚОСТАНАЙ. 13 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанайда облыстың интернет ресурстары байқауының қатысушыларын марапаттау рәсімі болып өтті.

Байқау Қостанай облысының үздік электрондық ақпараттық ресурстарын анықтау мақсатында инфрақұрылымның қалыптасуы және дамуы бойынша жұмысты үйлестіретін облыстық комиссияның қамқорлығымен өткізілген.

Сайысқа 80 ғаламтор-ресурстар қатысты, соның ішінде 42 мемлекеттік және 38 мемлекеттік емес және дербес сайттар болды. Интернет-ресурстардың 12 аталым бойынша сапасын облыстық әкімдік, ЖОО, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен құралған қазылар алқасы  бағалады. Қостанай облысы интернет ресурстарының облыстық байқауы бірқатар аталымдар бойынша жеңімпаздарды анықтады. Соның ішінде «Үздік әкімдік интернет ресурсы», «Үздік мемлекеттік емес

Интернет ресурсы», «Мемлекеттік тілдегі үздік сайт», «Үздік медиа ресурс», «Үздік әлеуметтік хабарлар сайты» аталымдары болды.