Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қарауына ҚР ҚК 99-бабы 1- тармағы («Кісі өлтіру») бойынша айыпталған 58 жастағы Б-ға қатысты қылмыстық іс түсті.
Іс материалдарына сүйенсек, осы жылдың 24 тамызында кешке Б. отбасымен бірге үйінде арақ ішеді. Ертеңгі күні үй отағасы әйеліне ішімдік ішуді жалғастыруды сұрайды. Әйел ас үйде жүрген кезде күйеуі қасына келіп, дүкеннен қарызға арақ алып келуін айтып, мазасын ала бастаған. Жұбайы оны пышақпен қорқытып, бармайтынын айтқан. Мұның арты жанжалға ұласады. Ұрыс-керіс кезінде әйелі күйеуінің кеудесіне пышақ сұғып алады. Алған жарақаттан ер адам сол жерде көз жұмды.
Іс бойынша сот алдағы күндері өтеді.