Меңдіқара аудандық полицейлері Затобол елді мекенінің тұрғынына іздеу салды. 79 жастағы Ахметжан Зайырбаев 8 сәуір күні сағат 8:00 шамасында Боровской ауылындағы танысының үйінен шығып кеткен.
«Оның бойы - 160-165 см, арық денелі. Шашы қысқа, қара түсті. Оң жақ қабағының үстінде тыртық бар. Үстіне қара дубленка және қысқы бас киім киген. Осыған дейін инсульт алған. Зейнеткер туралы әлдебір ақпаратқа ие болсаңыз, «102» нөміріне хабарласыңыздар», - делінген облыстық ІІД таратқан хабарламада.